Дәнді дақылдар өсімдігінің құрылысы

Кіріспе

Өсімдіктер дүниесі барлық жер бетіндегі тіршіліктің негізі.

Көк өсімдіктер өзінің жапырағындағы хлорофил атты пигменттерінің арқасында ауадағы көмір қышқылымен суды қосып, оларды органикалық заттарға көмірсутектерге, белокқа, майға т.б адамзатқа керекті заттарға айналдырады. Бұған күннің энергиясы және жер қыртысындағы минералдық заттар да қатысады. Көк өсімдіктер болмаса жер бетінде тіршілікте болмаған болар еді. Бұл өте күрделі процесс. Жазда өсімдіктің өсіп-өну үрдісінде тамақтың заттардың қатар оттегі бөлініп шығады. Ол тірі жануарлардың демалуына керек. Сонымен, көк өсімдіктер екі негізгі қызметті атқарады: біріншіден, адамның және малдың қоректік заттарын береді, екіншіден, ауаны үнемі тазартып көміртегін сіңіріп, өттегін бөліп шығарып тұрады.

Кейінгі кезде ауыр және химиялық өнеркәсіптерінің өркендеуі мен автомашиналардың санының өсуіне байланысты ауадағы өттегінің көлемі жылдан жылға азайып, басқа улы заттардың көлемі көбеюде. Сондықтан табиғатты қорғау барлық халықтың ең бір кезек күттірмейтін зор міндеті. Мұнымен қатар қалалар және онда тұратын халықтың саны өсіп, ауыл шаруашылығында істейтін халықтың саны бірте-бірте азаюда. Осының бәрі адамзаттың келешегіне көптеген қауып туғызуда.

Осы қысқаша шолуда, өсімдік шаруашылығының, оның ішінде астық өндірісінің маңызы өте күшті. Бұл міндетті орындауға астық дайындау, оны өңдеу саласындағы істейтін мамандардың үлесі аз емес. Олар барлық ауыл шаруашылығында өндірілген өнімдерді тиімді пайдаланып, сақтап, барлық жерде түрлі-түсті тағамдардың молшылығын жасауға өздерінің үлесін қосады. Астық көп болса ет те, май да, сүт те көп болады. Астық халық ырысы, оны сақтап, өңдеп, қабылдап, сақтау және оны өндеудің негіздерін жақсы білу біздің міндетіміз. Сонда ғана олардан жақсы тағамдар жасап, халық байлығын ұластыруға болады.



I Тарау. Өсімдіктер дүниесі

Тамақ өнеркәсібінде ауыл шаруашылығы дақылдарын, оның жемістерін өздерінің пайдаланылатын орнына қарай, 5 топқа бөледі.

1.Дәнді дақылдар олар өздерінің дәнінде 60-70% крахмал қорын жасайды;

2.Бұршақ жемісті дақылдар – олардың тұқымында 25%-тенжоғары белок болады;

3.Майлы тұқымдастар – олардың дәнінде көптеген (25 – 60%) өсімдік майлары жиналды;

4.Эфирлі майлы өсімдіктердің дәнінде өсімдік майларымен қатар эфирлі майлар болады;

5.Мал азығына арналған шөптердің тұқымдары.

Бұлардың ішінде ең көп тараған дәнді дақылдар (Угамісас) тұқымдастығы. Бұл тұқымдастыққа бидай, қара бидай, арпа, сұлы, тары, жүгері, күріш, т.б. родтар жатады. Олардың ішінде өте кең тараған бидай роды, соның өсімдігінің құрылысымен таныссақ жеткілікті.

Дәнді дақылдар өсімдігінің құрылысы

Дәнді дақылдар өсімдігінің құрылысы

1.1. суретте өсімдік құрылысының схемасы көрсетілген:

1. тамыры;

2. сабақтың буынаралықтары;

3. буыны;

4. аналық түтікшесі;

5. жапырақ пластинкасы;

6. жапырақтың құлақшалары

7. тілшелері;

8. масақтың шығуы

Сурет 1.1 Өсімдік құрылысы

Дәнді дақылдардың тамыры шашақты,

жер қыртысының жоғарғы қабатта орналасқан. Олар жердің жоғарғы қабатындағы бұтақтау өзегінен өсіп шығады.



Өсімдік тамыры жер қыртысындағы суға еріген минералдық заттарды сорып алып, жер үстіндегі органдарға жіберіп тұрады[1].

Өсімдіктің сабағы (сабаны) да бұтақтану өзегінен шығады. Ең алдымен ортасындағы негізгі бұтақ, одан кейін бұтақшалар өседі. Олар көбінесе іші бос цилиндр тәрізді, тек жүгері мен қатты бидайдың сабағың іші губқалылы заттарымен толған. Сабақ өзара буындар арқылы буынаралықтарға бөлінген. Буындардан жапырақ шығады. Сабақ өсімдіктің жер бетіндегі органдарын оның тамырмен байланыстырып, тамырдағы су мен минералдық заттарды жер үстіндегі органдарға, ал жапырақта пайда болған органикалық заттарды тамырға жеткізу қызметін атқарады.

Ауыл шаруашылық дақылдардың тік өсетін шөп сабақты, ағаш тәрізді бұта немесе өрмелеп өсетін шырмауық тәрізді болуы ықтимал. Сабақтың мұндай әртүрлі болуы оны орып-жинауға өзінің әсерін тигізеді.[1]

Жапырақтар ең негізгі орган. Олар сабақтың буындарынан шығады. Дәнді дақылдарда олар ұзыншақ келіп екі бөліктен: сабақты қаптап тұрған влагалище түтікшесі мен жапырақ пластинкасынан тұрады.

Түтікше сабанның мықтылығын қамтамасыз етеді және ішіндегі сабақтың өсу органдарын сыртқы қолайсыз жағдайлардан қорғайды. Егер астық жатып қалса, оның қайтадан тұрып кетуіне мүмкіншілік туғызады.

Жапырақтың түсі жасыл. Онда хлорофилл атты жасыл пигменттер көп. Олар күн жарығының ультра күлгін сәулелерін өзіне сіңіреді, өсімдікке жасыл түс береді. Хлорофилл дәндерің устьица деп аталатын тесікшелердің жағасына орналасқан[]. Осы тесікшелер арқылы өсімдік демалады, суды буландырады. Осының арқасында өсімдік сабақтарының ішінде вакуум пайда болады да, жерден суды сорады соны қамтамасыз етеді. Өсімдік демалған кезде су буланады, сыртқы шығады, ал ішіне тартқан кезде оған оттегі мен көмірдегі мен судың буы кездесіп, ультра күлгін сәулелердің әсерінен көмірсутектер пайда, оттегі бөлініп шығады.

6 СО2 + 6 Н2О + О = С6Н12О6 + 3О2 +674 ккал

Осы процессте органикалық заттардың құрамында (бір грамм) молекула синтезделген заттың құрамында (674 ккал жылу энергиясы қалыптасады да энергия қорына айналады). Осы энергия мен органикалық заттар қоры келешекте дәндегі қоректік заттар қорына айналып, көлемі кішіріп, қалыптасып сақталады. Сондықтан өсімдік жапырағын негізгі орган деп аталады.

Өсімдіктің гүлі – гүл шоқтары. Ол дәнді дақылдарда күрделі масақ немесе сіңсібас деп аталады. Әр күрделі масақшалардан, тұрады. Әр масақшада үш гүл шығады, яғни үш дән байлады. Гүл шоқтары сабақтың ұшында, ал жүгеріде ол жапырақ қойнауында орналасқан. Жүгеріден басқа дақылдарда бір гүлде оның өзінің аналық және аталық ұрықтары болады. Сондықтан олар өзі мен өзі тозаңданып ұрықтанады[1].

Әр масақтың орталық стержені, оның сатыларында масақшалар орналасқан. Масақшалар стерженнің екі жағына екі қатар болып орналасқан. Әр масақшада ішкі және сыртқы қауашықтар болады. Осы екеуінің арасында гүлдер, кейін өсе келе дән орналасқан,оны мына 1.2 суреттегі сызбасында көріп, танысуға болады.

1.2 сурет Бидайдың масақшасы

А - масақша: Б – аналық ұрық және лодикуле; В- масақшаның құрылысы(схема). а - масақшы қауашықтары; б – гүлдің сыртқы қауызы; в – ішкі қауыз; г – аталық ұрық; д – аналық ұрық ауызы; е – аналық ұрық клеткасы (завязь); ж – лодикуле пленкалары; з – ұрық сабағы.

Гүлдің тозаңдану, ұрықтану сызбасын мына 1.3 суретінен көруге болады.

1 – аналық ауызы және онда өсе бастаған толғаңдар.

2 – аналық жіпшеге.

3 – аналық клетканың қабы.

4 - аналық клетканың сабағы.

5 - ұрық сабағы

6 – халаза

7 – ұрық бүршігі

8 – бүршіктің ядросы

9 – ұрықтың қабы

10 – аталық ұрық жолы

1.3. сурет. Аналық клетканың сызбасы

Өсімдіктің ұрықтануы, дәннің пайда болуы екі ұрықтану деп аталады. Бірінші ұрықтанудан ұрықтық бүршік, екінші ұрықтанудан эндосперм пайда болады, ал дәннің қабыршықтары аналық клетканың қабы мен ұрық қабынан, пайда болады. Дәнді дақылдардың жемісін дән деп атайды.

Дәнді дақылдар тобына қарақұмықта жатады. Ол қарақұмық тұқымдастығына жатады. Оның тамырының өзегі терең кетеді дәнді ұшырлы пирамида болады.

Бұршақ жемісті өсімдіктер бұршақ тұқымдастығына жатады. Тамыры өзекті, сабағы жерге жатып өседі. Жемісі боб, дәні бұршақ.


7425919719251119.html
7425978477870165.html
    PR.RU™